Мен жазған мақалалар

Адамның мінезі өзгере ме, өзгермей ме?

2026

Адамның мінезі өзгере ме? Салтанат Қайырбек Абайдың адам мінезі туралы ойы мен Уоррен Баффеттің Integrity ұғымы арасындағы үндестікті талдайды.

Адамның мінезі өзгере ме, өзгермей ме?

Адамның мінезі өзгере ме, өзгермей ме?Өмір салтын өзгертіп, кісі танымастай өзгерген адамдарды көріп, «Ә, адамның мінезі расымен өзгереді екен-ау» деп жатамыз. Ал сол адамның баяғы әдетіне салып, қитұрқы тірлік қылып жүргенін көріп, «Ее, адам мінезінің өзгеруі де жалған екен» дейміз. «Жақсыдан жаман туса да, жаманнан жақсы туса да, тартпай қоймас негізге» деп, көңіліміз қалады.Say No ілімінде автор Уорен Баффеттің 1998 жылы Флорида университетінде айтқан мына сөзін негізгі тірек еткен:Біз адамды қызметке тағайындарда келесі үш қасиетіне аса назар аударамыз: 1.Интеллект.2.Инициатива.3.«Integrity».Егер алғашқы екеуі бола тұра үшіншісі болмаса, алғашқы екеуі компанияны құрдымға жібереді. Себебі «Integrity» қасиеті болмаған қызметкерді жұмысқа алу – ақымақ әрі жалқау адамды алғанмен тең.Сондағы «Integrity» деп отырғанымыз не нәрсе? Ағылшын тілінде бұған қатысты екі анықтама бар:1.Моральдық принциптерді ұстану және адал болу;2.Құбылмалылықтан ада болу, ішкі бірбүтінділік, тұрақтылық.Бұл – адамның құндылықтары мен айтатын сөзі, іс-әрекеті үйлесімде болуы. Демек, адам – өзі нені жөн деп санаса, өзін соған сай ұстауы керек. Практикада бұл - әділдік, адалдық, шынайылық деп түсіндіріледі. Мысалы, адам өтірік айтып, кейін мойындаса, бұл, әрине, шынайылық, тіпті адалдық та болады. Бірақ бұл - «Integrity» емес. Себебі сөзі мен ісі әуелден сәйкеспеген.АҚШ-та үздік компаниялар қызметке алардан бұрын қызметкер бойынан «Integrity»-дің болғанына аса мән береді екен. Тіпті негізгі шартқа да енгізіп қойған. Абайдың «Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім» деген тұжырымымен Уорен Баффеттің мына интерпретациясының үндестігін байқадым:«Интеллект пен интуиция – адамның туа бітті қасиеттеріне жатады, ал “Integrity” - жүре қалыптасатын, үйренуге болатын, саналы түрде тоқтамға келетін, таңдалатын нәрсе. Біз бәріміз өтірік айтатын, айлакер, сараң, өзімшіл адамдарды жақтырмаймыз. Бірақ бұл мінез-құлық – сол адамдардың туа бітті сипаты емес. Дұрыс жүріп-тұру, ізгілік – адамның өзінің, тек қана өзінің таңдауы, өзінің ерік-жігері».Демек, «Integrity» бірте-бірте қалыптасатын қасиет және сол қасиетке ие болу – адамның өзінен. Осыдан-ақ Абайдың «...адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім» дегені талассыз орынды екеніне көз жеткіздім.Салтанат Қайырбек