Сұхбаттар
Q-LIFE | Салтанат Қайырбекпен сұхбат | Поэзия, шабыт және жас қаламгердің жолы
Q-LIFE бағдарламасының жаңа шығарылымында ақын, жас әдебиет өкілі Салтанат Қайырбек қонақ болады. Алматы облысы, Жамбыл ауданының тумасы Салтанат Қайырбек — Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультетінің түлегі. Оның өлеңдері республикалық «Жыр маржаны», «Жауқазын жылда гүлдейді», «Дала дарыны» жобасы аясында жарық көрген «Сарыарқа сазы» антологияларына енген және түрлі республикалық басылымдарда жарияланып келеді. Бағдарлама барысында ақынның шығармашылық әлемі, поэзияға келу жолы, қазіргі қазақ әдебиетінің дамуы мен жастардың әдебиетке қызығушылығы туралы әңгіме өрбиді. Сонымен қатар көрермен ақынның өмірлік ұстанымдары мен шығармашылық жоспарлары жайлы тың ақпарат алады. Q-LIFE — өнер мен әдебиеттің жарқын өкілдерін көрерменге жақындататын танымдық жоба.
/media/q-life-saltanat-kaiyrbek-suhbat